Қазақстан тұрақты әскер саны бойынша рейтингте нешінші орында?

2318

Елдегі әскерилердің басым бөлігі Алматы облысы, ШҚО және елордада жұмыс істейді.

Қазақстан тұрақты әскер саны бойынша рейтингте нешінші орында?

2021 жылғы тұрақты әскер саны бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 166 мемлекеттің арасында 70-орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Рейтингке сәйкес, елде 39 мың тұрақты әскер бар, әрі әскерилендірілген құрамалар саны (қарулы күштерге жатпайды) – 31,5 мың адам. Осылайша, Қазақстанда 70,5 мың әскери немесе 10 мың тұрғынға 38 адамнан келеді. 

Рейтингтің көшбасында Қытай, Үндістан және АҚШ тұр.

ТМД елдері арасында Ресей (5-орын), Украина (21-орын), Әзербайжан (41-орын), Өзбекстан (63-орын), Беларусь (64-орын), Арменияның (66-орын) көрсеткіштері Қазақстаннан жоғары, ал Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдованың көрсеткіштері елімізден төмен.

2021 жылғы үшінші тоқсанда мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыспен қамтылғандар саны – 483,2 мың адам. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға аз.

Мемлекеттік басқару және қорғаныста жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі Алматы облысында жұмыс істейді (72,9 мың адам). 

Үздік үштікке Шығыс Қазақстан облысы мен елорда енді. Мемлекеттік басқару мен қорғаныста жұмыспен қамтылғандар үлесі
Маңғыстау облысында аз.

Сектордағы орташа айлық жалақы бір жылда 15,9%-ға немесе 206,9 мың теңгеге өскен. Жалақының нақты өсімі – 6,6%. Саладағы жалақы Қазақстандағы орташа жалақыдан айтарлықтай төмен (243,7 мың теңге).

Елордада мемлекеттік басқару және қорғаныс саласында жұмыс істейтіндердің жалақысы басқа өңірлермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары – 331,8 мың теңге. Үздік үштікке Алматы мен Қызылорда облыстары енді.

Шығыс Қазақстан облысында аталған салаларда жұмыс істейтіндер төмен жалақы алады (177,4 мың теңге).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу