Тұрғын үй бағасы не үшін қымбаттағаны айтылды

878

Қазақстандағы тұрғын үй бағасының күрт өсуіне қатысты осындай себеп аталды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Тұрғын үй бағасы не үшін қымбаттағаны айтылды

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу, жобалау институты жүргізген сараптамаға қарағанда, баспана нарығының тұрақсыздығына тікелей алып-сатарлардың кесірі тиген. Енді оны реттеу үшін ипотека мейлінше қолжетімді болуы тиіс.  Ұлттық банк дерегінше, соңғы 10 жылда ипотекалық несиелендіру 3,7 есеге өскен. Мәселен, 2011-ші жылдан 2013-ші жылға дейін баспана үшін қарыз беру 37%-ға ұлғайса, 2014-2017 жылдары сұраныс керісінше төмендеген. Ипотека тым шарықтаған кезең 2017-ші жылдан бері жалғасып келеді. Өсім -2,8 есеге тең. Құрылыс қарқыны да бәсеңдемеген - 3 есеге ұлғайған. Салыстырып қарағанда, пәтердің бір шаршы метрі 2011-ші жылы 154 мың теңге  тұрса, қазір 336 мың теңгеге қымбат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу