Тұрғын үй бағасы өсуі мүмкін – Жансұлтан Матаев

1324

Содан кейін баға тұрақталуға тиіс.

Тұрғын үй бағасы өсуі мүмкін – Жансұлтан Матаев
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ орталық филиалының басшысы Жансұлтан Матаевтің сөзінше, зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат етілуіне байланысты тұрғын үй қымбаттауы мүмкін.

"Пандемия салдарынан және басқа да себептерден тұрғын үйге сұраныс азайып барады. Дегенмен еңбек министрлігі айтқандай, 700 мың азаматқа зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат етілгенін ескерсек, бұл нарықта дүрбелең тудырып, бір реттік болса да тұрғын үй бағасының өсуіне әсер етеді деп ойлаймын. Алайда содан кейін баға тұрақталуы тиіс. Бұл жерде айта кету керек, зейнетақы жинағындағы қаражатты азаматтар тек баспана алуға ғана емес білім алуға, денсаулығын жақсартуға жұмсамайды", – деп айтып өтті Жансұлтан Матаев.

Нұржан Көшкін
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу