Бұл мамыр айымен салыстырғанда 35%-ға көп, деп жазады inbusiness.kz сайты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына сілтеме жасап.
БЖЗҚ деректеріне сүйенсек, бұл – 2024 жылғы желтоқсандағы белсенді кезеңнен бергі ең жоғары көрсеткіш. Алайда орындалған өтініштердің сомасы қатты өсе қоймаған – 43,6 млрд теңге. Бұл мамырмен салыстырғанда 10%-ға артық.
Сәйкесінше бір орындалған өтінішке шаққандағы орташа сома төмендеді: маусымда 528 мың теңге болса, ал мамырда 648 мың теңге болған еді. Бұл – 2023 жылдың басынан бергі ең төменгі көрсеткіш.
Емделуге алынған қаражат бойынша өтініштер саны 40,1 мыңды құрады. Бұл да бір ай бұрынғыға қарағанда үштен бірге артық. Алайда ақшалай көлемі аса қатты өспеген: +14%, яғни 31,9 млрд теңге. Бір өтінішке орташа сома – 797 мың теңге, бұл да кем дегенде соңғы екі жарым жылдағы ең төменгі деңгей болып саналады.