Тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша Астана көшбастап тұр

900

Тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша Астана көшбастап тұр

Өткен жылы тұрғын үйді сатып алу-сатуға қатысты жасалған келісімнің саны үш есе (28,6%) өскен. Алайда бұл тұрғын үй бағасында сезілмеді. Керісінше, бұрынғы тұрғын үй қорындағы асыра бағаланған аудандар шамалы арзандады. Ал жаңа салынған үйлердегі шаршы метрдің бағасы еш өзгермеді, деп хабарлайды abctv.kz. .

Жылжымайтын мүлік нарығы жыл бойына алдағы жылдарда орын алған валюталық өзгеріс салдарын қалыпқа келтірумен болды. 2018 жылы да айтарлықтай өзгеріс болады деген болжам жоқ.

Тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша Астана көшбастап тұр. Қаңтардан бастап қараша айын қоса алғанда елордада 32491 келісім жасалған екен. Одан кейінгі орында Алматы қаласы тұр, бұл жерде осы уақыт ішінде жасалған келісім саны 3152-ге жеткен. Үшінші орынға Қарағанды облысы шыққан. Бұл өңірде жасалған келісімшарт 23120 болған. Соңғы орындарға Атырау және Қызылорда облыстары орналасқан. Бұл өңірлерде 4502 және 4668 рәсім жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу