Тұрғын үйге инвестиция салудың артықшылығы қандай?

2709

2022 жылдың қазан айында елімізде халықтың ұлттық валютадағы салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемелері 12,6% болса, шетел валютасында 0,9%-ды құрады.  

Тұрғын үйге инвестиция салудың артықшылығы қандай? Фото: realty.rbc.ru

Бұл уақытта республикадағы инфляция деңгейі 18,8%-ға жетіп, желтоқсан айында жылдық инфляция 19,6%-ға дейін өскен болатын, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, ұтымды инвестицияның бір түрі болып тұрғын үй саналады. Қазақстандықтарда басқа елдердің тұрғындарымен салыстырғанда қаражатты жылжымайтын мүлікке – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне айналдырудың мүмкіндігі бар. Бұл жүйенің қарапайым депозиттен айырмашылығы – қысқа мерзім ішінде тұрғын үйге қаражат жинап, жеңілдетілген тұрғын үй несиелері арқылы өз мүлкінің иесі болуға мүмкіндік беруінде. Сонымен қатар мемлекет тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысушыларды қолдап отырады. Жыл сайын мемлекеттік бюджеттен жинақтау кезеңінде 200 АЕК-тен аспайтын сомаға 20% сыйлықақы төлеу үшін қаражат бөлінеді.

Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жұмыс істейтін жалғыз банк бар (Отбасы Банк). Бұл жүйе аясында елімізде үш ипотекалық қарыздың екеуі беріледі, ал оған республикадағы экономикалық белсенді халықтың 26%-нан астамы қатысты.

Ұзақ мерзімді динамикада пассивті инвестициялардың қалған түрлерімен салыстырғанда тұрғын үй айтарлықтай басымдыққа ие. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, ел бойынша баға 2005 жылғы желтоқсан айына қарағанда 3,5 есеге өсті. Бұл кезеңде АҚШ доллары 3,2 есе, ал еуро 3,1 есе қымбаттаған. Сондай-ақ, қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы аталған кезеңде 4,6 есе артты.

Осы тұста тұрғын үйдің инвестиция ретіндегі тағы бір артықшылығы –тұрғын үй жалдау кезінде табыс әкелуі. Баспананы жалға алу аталған кезеңде 3,6 есе қымбаттады.

Биылғы қараша айының қорытындысы бойынша 2005 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда доллар құны 3,5 есеге, еуро 3 есеге өсті. Қайталама нарықтағы тұрғын үй бұл кезеңде 5,7 есе, ал оны жалға алу 5,4 есе қымбаттады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу