Тұрғын үйлер ауласында өрт сөндіру көліктеріне арналған орындар пайда болуы мүмкін

242

Заң жобаларына ұсыныстар енгізілді.

Тұрғын үйлер ауласында өрт сөндіру көліктеріне арналған орындар пайда болуы мүмкін Фото: vedom.ru

Тұрғын үй аулаларында өрт сөндіру көліктеріне арналған орындар пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БАҚ өкілдері Астанадағы тұрғын үйлерде өрт шыққан жағдайда, аулалардағы көліктердің жолды жауып тастауы мәселесіне қатысты сұрақ қойды.

"Әрине, бұл мәселелер болды және қазір де бар, жиі кездесіп тұрады. Әсіресе, түнгі мезгілде бұл мәселе өзекті. Біздің өрт сөндіру бөлімдерінде эвакуаторлар мен арнайы құрылғылар бар. Алайда, қазіргі таңда заң жобаларына ұсыныстар енгізілді. "Азаматтық қорғау туралы" заңға да өзгерістер ұсынылды. Бұл бойынша Мүлік иелерінің бірлестігімен де жұмыс істеп отырмыз", – деді Мұрат Мұханов тілшілердің сауалына берген жауабында.

Министрдің сөзінше, жылыту маусымы басталғалы бері аулаларды аралау жұмыстары басталды.

"Сол кездерде көлік иелерімен де түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. (...) Тек өрт сөндіру бөлімдері емес, жедел жәрдем көліктеріне де жол керек. Сол себепті қазір заң жобаларына ұсыныстар енгізілді. Жолды бұғаттамау, әр аулаға өрт сөндіру автокөлігінің қоятын орнын белгілеу деген сияқты. Бұрын бізде ондай болмаған", – деп толықтырды ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу