Тұрғындардың банкроттығына қатысты заң жобасы ашық талқыланады

1098

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығына қатысты заң жобалары 2022 жылғы 23 ақпанға дейін ашық нормативтік-құқықтық актілердің порталында ашық талқыланады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Тұрғындардың банкроттығына қатысты заң жобасы ашық талқыланады

Мемлекеттік кірістер комитеті аталған мәселеге қатысты бірқатар заң жобасы жұртшылықпен ашық талқыланатынын атап өтті.

"Қаржы министрлігімен "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң жобасы, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы, "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы", Қазақстан Республикасының Кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы жобасы әзірленді", - деп жазылған хабарламада.

Биыл 2 ақпанда аталған заң жобалары ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу