Тұрғындардың коммуналдық қарызы 13 миллиард теңгеге жетті

1666

Үкімет отырысында азық-түлік бағасын бақылаудан шығарған шенеуніктер премьер-министр алдында жауап берді.

Тұрғындардың коммуналдық қарызы 13 миллиард теңгеге жетті

Тұрғындардың коммуналдық қарызы 13 млрд теңгеге жетті. Әсіресе Шымкент, Астана, Алматы, Қарағанды және Маңғыстау жұрты тұтынған жарық, жылу және су үшін ақы төлеуді азайтқан. Бұл мәселе үкімет отырысында көтерілді. Сондай-ақ, жиында азық-түлік бағасын бақылаудан шығарған шенеуніктер премьер-министр алдында жауап берді.

Солтүстік аймаққа аяз түсіп, суық келді. Демек, жылыту жүйесінің әдеттегідей сыналатын шағы - бұл. Мәселен, станциялар істен шығып, қазандықтар шетінен қата бастайтын жағдай көбейеді. Бірақ тариф төңірегіндегі даудан кейін энергетика министрі Қанат Бозымбаев оған енді жол бергісі жоқ.

"Жылулық болмай қар кетпес демекші, тұрғындар жаңа жылды жыл әрі жақсы қарсы алуы үшін барынша жұмыс жасап жатырмыз. Меніңше біздің азаматтарымыз үкіметтің ерекше жылулығын сезінеді деп ойлаймын", – дейді министр.

Дегенмен, кем-кетік жоқ емес, баршылық. Суық түскен бір айда өңірлерде жылыту қызметінде 24 шикілік шығыпты. Әзірге бәрі реттелген деседі. Тек енді Теміртаудағы орталықтандырылған қазандықты жаңарту қажет. Ал оған ақша жеткіліксіз. Өйткені жұрт арасында төленбеген коммуналдық қарыз еселенген.

"2018 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша берешек 12 млрд 995 млн теңгені құрады. Ең көп дебиторлық қарыз Шымкент қаласында 2 млрд 618 млн теңге. Астана қаласы бойынша 2 млрд 455 млн теңге. Алматы қаласында 1 млрд 718 млн теңге. Әкімдіктер дебюторлық берешекті бақылап, күшейтуі керек", – дейді ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Қарыздың дер кезінде жиналуын қадағалау әкімдерге де жүктелген. Өңір басшыларына берілген тағы бір міндеттеме – бұл тарифті төмедету шешімін шұғыл қабылдау болатын. Бірақ Бақытжан Сағынтаев мұның да орындалмай жатқанын айтып,  жиында қатқыл сөйледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу