Тұрғындардың наразылығынан кейін Экология Департаменті Бектау-Атаға қатысты тексеріс жүргізді

581

Балқаш қаласының тұрғындары Бектау-Ата баурайына "Дәнекер Жол" компаниясының жарылыс жасауға дайындалып жатқанын айтып дабыл қаққан болатын. Ақтоғай ауданы әкімі мен Балқаш қаласының белсенді тұрғындары құзырлы орындарға шағым түсірген. 

Тұрғындардың наразылығынан кейін Экология Департаменті Бектау-Атаға қатысты тексеріс жүргізді Фото: Экология Департаменті

Қарағанды ​​облысы бойынша экология департаменті 28 қараша мен 12 желтоқсан аралығында  "Дәнекер жол" ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізген. Аталмыш компанияның Бектау-Атаның белгілі бір бөлігіне жару жұмыстарын жасауға қатысты рұқсаты жоқ болып шықты.

"Тексеру барысында кәсіпорынның қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаты және Бектау кен орнындағы рекультивациялық жұмыстарға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы бар екені анықталды. 26 қарашада мердігер тастарды ұсақтау және карьердің бетін тегістеу, одан кейін Бектау карьерін рекультивациялау бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізді, алайда мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысында жару жұмыстары қарастырылмаған. Аталған факті бойынша Департаментпен ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігімен және ҚР ӘҚБтК-нің 332-бабының 2-бөлігімен жалпы сомасы 488 504 әкімшілік айыппұл салынды",- деп хабарлады Экология департаменті.

Сонымен қатар, экология  департаменті кәсіпорынның мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысында көзделмеген жарылыс жұмыстарын жүргізу бөлігіндегі қызметіне тыйым салу туралы талап арызды сотқа түсірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу