Тұрғындардың жылуға төлеген ақшасының артығы қайтарылады

559

Павлодар облысының Тереңкөл, Песчаное, Орловка ауылында жылу тарифі төмендетілді.

Тұрғындардың жылуға төлеген ақшасының артығы қайтарылады

ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Тереңкөл ауданы әкімдігінің "Бастау" МКК-ның 2019 жылға арналған тарифтік сметасының орындалуына талдау жүргізді. Талдау нәтижелері бойынша, Департамент 310 786 теңге сомасында негізделмеген кірісті анықтады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Аталған сома тарифтерді төмендету арқылы тұтынушыларға қайтарылады.

 "Осыған байланысты, Департаменттің бұйрығымен жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және жеткізу қызметтері үшін Тереңкөл ауданы әкімдігінің "Бастау" МКК-ы үшін 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚҚС-сыз 7654,40 теңге көлемінде ҚҚС есебінсіз 0,3% төмендету бойынша уақытша өтемдік тариф енгізілді",– дейді комитеттен.

"Победа" ЖШС-ның 2019 жылға арналған тарифтік сметасына да талдау жүргізілген. Мұнда тұрғындардан 159 720 теңге сомасында артық ақша түскені анықталған. Бұл сома тарифтерді төмендету арқылы тұтынушыларға қайтарылады.

"Жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және жеткізу қызметтері үшін "Победа" ЖШС-і үшін 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚҚС-сыз 4998,03 теңге көлемінде ҚҚС есебінсіз 1 % төмендету бойынша уақытша өтемдік тариф енгізілді",– деп жазылған комитет хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу