Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының бір бөлігінде 27-31 шілде аралығында табиғи газ беру уақытша тоқтатылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Төле би көшесін ұзарту құрылысы аясында диаметрі 520 және 720 мм болатын жоғары қысымды газ желілерін қайта орналастыру жоспарланып отыр.
"Осы жұмыстарға байланысты 27 шілде сағат 09:00-ден 31 шілде сағат 18:00-ге дейін Момышұлы көшесі, Абай даңғылы, Строительная көшесі, Мөңке би көшесі және Фариза Оңғарсынова көшесі аралығындағы аумақта табиғи газ беру уақытша тоқтатылады", – деп ескертті қалалық әкімдік.
Әкімдік аталған аумақ тұрғындарынан қажетті дайындық шараларын алдын ала қабылдап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.