Тұрғындарға қантты төмен бағаға сатпақ болған адамға сот үкім шығарды

517

Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған қылмысы үшін өкінді.

Тұрғындарға қантты төмен бағаға сатпақ болған адамға сот үкім шығарды

Алматы қаласының №2 Бостандық аудандық соты тұрғындарға қантты төмен бағамен сатып алуды ұсынған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, А. есімді азаматқа Қылмыстық кодекстың 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Биылғы жылдың сәуір айында А. есімді сотталушы сауда орталығына келіп, адамдарға арзан бағамен 17 қап қант сатып алуды, сатып алушыларды тауып, тауарларды сатуды ұсынған. Жәбірленушілер сотталушының қаскөйлік ниетіне күмән келтірмей, ұсынысымен келісіп, ақшаны оның шотына аударған. Ақшаны иемденген сотталушы қылмыс орнынан қашып, телефонын сөндіріп, қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Осылайша ол жәбірленушілерге жиыны 235 мың теңге материалдық залал келтірді", – деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекс бойынша мұндай қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сот үкімімен А. есімді азамат алаяқтығы үшін кінәлі деп танылды. Ол 3 жыл 6 ай пробациялық бақылауда болады және 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке жегіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу