Тұрғысын су электр стансасы пайдалануға берілді

1058

СЭС-ты салуға 13,39 млрд теңге жұмсалған. 

Тұрғысын су электр стансасы пайдалануға берілді

Шығыс Қазақстан облысындағы Тұрғысын су электр стансасының (СЭС) құрылысы аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жобаға қаржыны Қазақстанның даму банкі бөлген. СЭС қуаты – 24,9 МВт. 

Тұрғысын су электр стансасын іске қосу өңірдегі электр энергиясы тапшылығын жылына 79,8 млн киловатт сағатқа қысқартуға, көмірқышқыл газы шығарындылары көлемін жылына 680 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

2021 жылдың шілдесінде аталған СЭС коммерциялық пайдалануға берілді. Жоба Шығыс Қазақстан облысы және елдің басқа да өңірлерін тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді.

"СЭС-ты іске қосу Қазақстандағы бірқатар экологиялық мәселені шешеді. Себебі көмірқышқыл газы шығарындылары азаяды", - деді 
"Тұрғысын-1" ЖШС директоры Қалаубек Баймұханбетов.  

Жобаның жалпы құны – 13,39 млрд теңге.

"Оның ішінде Даму банкі 9,6 млрд теңге сомадағы мәмілені  келесі түрде жүзеге асырды: банк 12 жылдық мерзімге ұзақ мерзімді қарыз түрінде 5 млрд теңге, ҚДБ еншілес ұйымы – "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жабдықтарды сатып алуға лизинг түрінде 3,6 млрд теңге бөлді, ал AOM Rail BV,DBK Equity Fund – "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ басқаратын ҚДБ еншілес құрылымы қарыз түрінде 1 млрд теңге берді. Сондай-ақ 3,8 млрд теңге көлеміндегі қаражат - қарыз алушының жеке қаржысы", - деп жазылған Қазақстанның даму банкі таратқан хабарламада. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу