Түрік әскерилері 38 содырдың көзі жойылғанын мәлімдеді

742

Түрік әскерилері 38 содырдың көзі жойылғанын мәлімдеді

Түркия билігі Сирияға жасалған әуе шабуылдары нәтижесінде  "Ислам мемлекеті" тобының  38 содыры құртылғанын мәлімдеді, деп жазады Газета.Ру.

Олардың айтуынша, түріктің жойғыш ұшақтары  лаңкестік топ орныққан 28 нысанға шабуыл жасап, командалық орталықтар, қару-жарақ қоймалары және көлік құралдарының көзін жойған.

Бұған дейін АҚШ Сирияның солтүстігіндегі Эль-Баб елді мекенінде түрік әскери күштеріне  әскери қолдау көрсету туралы түрік тарапымен келіссөз жүргізіп жатқаны хабарланды.

"Ислам мемлекеті" – бірқатар елде тыйым салынған лаңкестік топ саналады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу