Түрік лирасы тағы құлдырады

389

Оған астық мәмілесінің тоқтатылуы себеп болған. 

Түрік лирасы тағы құлдырады Фото: epravda.com.ua

Түрік лирасының бағамы рекордтық деңгейге дейін құлдырады, деп жазады inbusiness.kz m.gazeta.ruбасылымына сілтеме жасап.

Түркияның ұлттық валютасы дүйсенбіде доллар мен еуроға шаққанда бағаның тарихи минимумын жаңартты. Мәскеу уақытымен сағат 17:00-де лира бір доллар үшін 26,35-ға, бір еуро үшін 29,57-ге саудаланды.

17 шілде күні Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков дүйсенбіде астық мәмілесі бойынша Қара теңіз келісімдері іс жүзінде тоқтатылғанын айтты. Оның сөзінше, Ресейге қатысты астық мәмілесі бойынша келісімдердің белгілі бір бөлігі сол күйі орындалмаған.

Бұдан бөлек Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Мәскеудің Түркия, Украина және БҰҰ-ға астық мәмілесін ұзартуға қарсы екенін хабарлағанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу