Түрік мамандары Қазақстандық Ник Вуйчич атанған балаға протез жасады

1079

Өткен жылы Әли Тұрғанбеков Алматыда атақты мотиватор Ник Вуйчичпен кездескен болатын. 

Түрік мамандары Қазақстандық Ник Вуйчич атанған балаға протез жасады

Қазақстандық Ник Вуйчич атанған астаналық Әли Тұрғанбековке түрік мамандары замануи протез жасап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Менің барысым жүріп үйреніп жүр. Алла көмекті  жүрегі жақсылық пен мейірімге толы адамдардың қолы мен әрекетімен береді. Бүгін біз ұлымыз екеуміз құшақтасып тұрдық. "Анашым, менің бойым сенімен бірдей, тіпті Әмірдікінен де ұзын", деді ол қуаныштан. Осы бақыт пен қуаныш үшін біз тау қопаруға дайынбыз", - деп жазды Әлидің анасы Ақмарал Әміреева Facebook желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Әли Тұрғанбеков Талдықорған қаласында дүниеге келген. Денсаулық жағдайына байланысы отбасымен Астанаға көшіп келген. 

Өткен жылы ол Алматыда атақты мотиватор Ник Вуйчичпен кездескен болатын. Ал биыл ол атақты аргентиналық футболшы Диего Марадоннамен кездескен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу