Түрік валютасы құнсызданды

1611

$1 – 18,34 лира.

Түрік валютасы құнсызданды

Түркияның валютасы бұрын-соңды болмаған дәрежеге дейін құнсызданды. Қазір оның долларға шаққандағы бағамы 18-ден асады, деп хабарлайды Atameken Business.

Былтыр осы уақытта түріктер 1 көк қағазды 8 лираға сатып алатын еді. Қазір 1 лира - 26 теңге 20 тиын. Біздің валютаға шаққанда бағам тиімді. Дегенмен, бұл елде инфляцияның 80 пайыздан асып кеткенін ескерсек, Түркияға саяхаттап, сауда жасау бұрынғыдай тиімді емес.

Лираның құнсыздануына күні кеше Федералды қор жүйесінің базалық пайыздық мөлшерлемені көтеруі әсер етті. Доллардың күшеюі дамушы елдердің валюталарына қысым көрсетуде. Оның үстіне, Түркияның Орталық банкі базалық ставканы 13-тен 12 пайызға дейін төмендетті. Биыл лира 28 пайызға дейін құлдырады. Салдарынан ол дамушы нарықтағы ең құнсыз валюта ретінде аргентиналық песодан кейінгі екінші орынға шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу