Түрікменстан шекарасы арқылы Ираннан 100-ден астам адам кетті

231

Олардың арасында қазақстандықтар да бар. 

Түрікменстан шекарасы арқылы Ираннан 100-ден астам адам кетті Фото: Getty Images

Түрікменстан шекарасы арқылы шабуыл астында қалған Иран аумағынан 100-ден астам адам кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Түрікменстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Түрікменстан Иран аумағында жүрген шетелдік дипломаттар мен олардың отбасыларына, сондай-ақ басқа да азаматтарға өз аумағы арқылы шығуға мүмкіндік беру үшін шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Бүгінге дейін шекаралық бақылау-өткізу пункттері арқылы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа елдердің шамамен 120 азаматы Түрікменстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтті", – деп хабарлады Түрікменстан СІМ.

Адамдар көлік, тамақ, қонақ үй және алғашқы қажеттіліктегі заттармен қамтамасыз етілгені де айтылған.

Айта кету керек, бұған дейін Иран ядролық келісімге келуге дайын екенін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу