Түрікменстанда Қазақстаннан оралған төрт адамнан "омикрон" анықталды

907

Осыған байланысты елдеріміз арасындағы шекара өткелі жабылды.

Түрікменстанда Қазақстаннан оралған төрт адамнан "омикрон" анықталды

Түрікменстанның Балқан уәлаятында Қазақстаннан оралған төрт түрікменстандықтан "омикрон" штамы анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Азаттық" радиосының осы елдегі редакциясына сілтеме жасап. 

"Бекдаш карантиндік аймағында Қазақстаннан келген төрт азаматымыздан коронавирустың "омикрон" деп аталатын штамы табылды", – деді Балқан дәрігері.

Оның айтуынша, Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы шекарадан өтетін жер шамамен екі апта бұрын ашылған және Қазақстанда қалып қойған Түрікменстан азаматтарына елге қайтуға рұқсат берілген. 

"Омикрон" штамы табылғаннан кейін шекара өткелі жабылды. Бұған дейін ел Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов бұл штамның елге енуін болдырмас үшін карантиндік шектеулерді қатаңдатуды тапсырған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу