Түріктер тағы бір салада көшбасшы атанды

179

Аталған ел энергетикалық қуаттардың өсімі бойынша Еуропада 1-орынға шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түріктер тағы бір салада көшбасшы атанды Фото: © Sputnik / Osman Nuri Cerit

Халықаралық энергетикалық қауымдастық мәліметтеріне қарағанда, Түркия өзінің гидроэлектр станцияларының қуатын 241 мегаватқа өсірді. Бұл еуропалық елдер арасында ең жоғары көрсеткіш.

Ақпарат "Әлемнің гидроэнергетикалық шолуы" атты құжатында жарияланған. Құжатта гидроэнергетиканың бұрынғысынша қалпына келтірілетін энергия көздерінің арасында ең ірі энергия өндіру көзі болып қалып отырғаны атап өтілген.

Қазір ол әлемдік электр энергиясы генерациясының 14,3% қамтамасыз етіп отыр және әлемнің 150-ден астам елінде қолданылуда.

Түркиядағы гидроэнергетиканы дамыту энергетикалық тәуелсіздікті де тұрақты ұлттық энергия жүйесін де нығайтпақ. Жаңа жобалардың арқасында мемлекет өзінің энергия жүйесінің икемділігін күшейтіп, қазба отынға тәуелділікті қысқартады.

Сарапшылардың пікірінше, Түркия тек гидроэнергетикаға ғана емес, күн және жел энергетикасы сияқты жаңартылатын энергия көздеріне белсенді инвестиция салып жатыр.

2024 жылы ГЭС қуаты тұрақты және "жасыл" энергетикаға көшудегі ауқымды стратегияның бөлігіне айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу