Түріктің Alarko Holding Қазақстан агросекторының бірқатар жобасына инвестиция салуға дайын

435

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов пен компания президенті Нури Йылдыздың кездесуінде ынтымақтастық перспективалары туралы айтылды. 

Түріктің Alarko Holding Қазақстан агросекторының бірқатар жобасына инвестиция салуға дайын Фото: ҚР АШМ

Атап айтқанда, түрік инвесторы Қазақстан аумағында ашық топырақтағы жылыжай кешендері, органикалық-минералды тыңайтқыштар өндіру, азық-түлікті өңдеу және сату жөніндегі кәсіпорындар, сондай-ақ ҒЗТКЖ-да жобаларды құру мүмкіндігін қарастырып отыр.

Вице-министр АШМ желісі бойынша саладағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Қазіргі уақытта өндірушілердің тыңайтқыштар, пестицидтер, биоагенттер мен биопрепараттарды құны, сондай-ақ суару және тұқым сатып алу шығындары субсидияланады.

Бұдан бөлек, жылыжай кешендерін салу және кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде шығындардың 25% өтеу көзделген, нормативтерді 30%-ға дейін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, маусымаралық кезеңде электр энергиясы мен газға арналған шығындарды субсидиялауды енгізу көзделіп отыр.

Бағлан Бекбауов қолданыстағы тек ашық топырақтағы көкөністерді гектарына шамамен 200 мың теңге есебінен қаржыландыруды көздейтін "Кен дала" бағдарламасына жабық топырақтағы көкөніс өндірушілерді енгізу жоспары туралы айтып берді.

АШМ өз тарапынан барлық қажетті жағдайларды ұсынуға және жан-жақты қолдау көрсетуге дайын, деп толықтырды вице-министр.

Alarko Holding - көлік, мұнай-газ секторы, энергетика, өнеркәсіп, туризм, жерге орналастыру саласындағы жобаларды инвестициялайтын және іске асыратын әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Холдингтің 2030 жылға дейін  ауыл шаруашылығына шамамен 100 млн доллар инвестициялау жоспары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу