Туристер Катон-қарағай мен Марқакөлге көші-қон полициясының рұқсатынсыз кіре алады

1076

Туристер Катон-қарағай мен Марқакөлге көші-қон полициясының рұқсатынсыз кіре алады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, барысы жайында баяндады, деп хабарлайды Ortcom.kz.

"Биыл жыл басынан бері Шығыс Қазақстан экономикасының ішкі аймақтық өнімі 102%-ға өсті. Соның ішінде  ең бірінші, ауыл шаруашылықтағы ішкі өнімнің 102%-ға, сондай-ақ, құрылыс саласында 108%-ға ұлғайған. 234 мың ш.м. аумақты құраған тұрғын үй бой көтеріп, қолданысқа берілді. Бұл ретте көрсеткіш деңгейінің 104%-ға еселенгенін атап өткен орынды. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі ақшалай есептегенде 107%-ға өсті (ТКИ – 100%)", – деді аймақ басшысы. Сонымен қатар облыс әкімі аймақтағы туризім саласының да алға басып келе жатқанына тоқталып өтті.

Облыста "Алтай маржаны" туристік кластерін құру бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Соңғы 2 жылда 4,3 млрд теңгеге негізгі туристік бағыттағы жолдар жөндеуден өтті. Жағажай туризмін дамыту мақсатында 550 млн теңгеге Сібе көлдері мен Алакөл жағалауы абаттандырылып, демалушыларға қолайлы жағдай жасалып жатыр.

"Бұдан бөлек, шетелдік туристер Катон-қарағай ауданы мен Марқакөлге көші-қон полициясының қосымша рұқсатынсыз кіріп-шығуы туралы ұсыныс үкімет тарапынан қолдау тапты. Аталмыш бастама аймақтың экотуризмін дамыту екпінін арттырары сөзсіз", – деп сөзін қортындылады Даниял Кенжетайұлы.

Сонымен қатар, Алакөл жағалауында ҚХР-мен шекара аралық ынтымақтастық аймағын құру туралы ұсыныс енгізілген екен. Оның негізінде қытайлық туристерге жеңілдетілген көші-қон және визалық режимі қарастырылмақ. Облыс әкімінің айтуынша, аталған мәселе сыртқы істер, мәдениет және спорт министрлігінді қаралып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу