Туристер Қазақстанның қай аймағына көп келеді

1166

Туристердің жазғы саяхатына лайықты үздік қалалар рейтингінде Алматы көш басында келеді.

Туристер Қазақстанның қай аймағына көп келеді

ТурСтат сараптамалық агенттігі туристердің жазғы саяхаттауына лайықты үздік қалалар рейтингін жасады. Ол 2018 жылдың жазғы маусымындағы туристік сапарлардың сараптамасы бойынша ұсынылған, деп хабарлайды Atameken TV.

Баку, Минск және Алматы ТМД елдері қалалары бойынша рейтингтің көш басында келеді. Төртінші орынға - Ереван, бесінші - Астана, одан кейінгі орында - Бішкек, жетінші - Ташкент, сегізінші - Кишинев,  тоғызыншы орынға Душанбе жайғасса, үздік ондықты Түрікменстан астанасы Ашхабад түйіндейді.

ТурСтаттың деректері бойынша, туристер жазда Бакуге - Каспий теңізі жағасындағы шипажайлары үшін, Беларуське - Нарочь көлінде демалу үшін, Қазақстанға – Шымбұлақ пен Бурабай шипажайларында болу үшін, Қырғызстанға Ыстықкөлге демалу үшін барады екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу