Туристік полиция Алакөлде қоғамдық тәртіпті бақылайды

290

Патрульдеу жұмыстары жаяу және заманауи техникалардың көмегімен жүргізіледі.  

Туристік полиция Алакөлде қоғамдық тәртіпті бақылайды Фото: gov.kz

Жазғы маусым қызған шақта Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауында туристік полиция қызметкерлері демалушылардың қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз етеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Электромобильдер, квадроциклдер мен самокаттарды пайдалану тәртіп сақшыларына жағалау аумағындағы кез келген жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Полицейлер судағы қауіпсіздік мәселесіне және жағажайларда алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударады. Олар су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың басым бөлігі демалушылардың қауіпсіздік талаптарын елемеуінен болатынын еске салады.

Курорттық аймақта бейнебақылау камералары да жұмыс істейді. Бұл қоғамдық тәртіпті нақты уақыт режимінде бақылауға және түрлі оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Маусым басталғалы полиция қызметкерлері адасып кеткен 10 баланы тауып, ата-аналарына табыстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу