Туризм саласына құйылған инвестиция көлемі 460 млрд теңгеден асты

228

2025 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша туризм саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінде оң көрсеткіш байқалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Туризм саласына құйылған инвестиция көлемі 460 млрд теңгеден асты Фото: canva.com

Биылғы алғашқы алты айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 460,2 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (390,5 млрд теңге) 18%-ға артқан.

Талдау барысында тұрғын үй және тамақтану, өнер, ойын-сауық және демалыс, көлік, жалға беру, туризм бизнесі, спорт және бос уақытты ұйымдастыру сынды 14 экономикалық қызмет түрі ескерілді.

Өңірлер бойынша инвестиция өсімінде көш бастағандар:

Ақтөбе облысы – өсім 342%
Ұлытау облысы – өсім 154,7%
Қызылорда облысы – өсім 106,2%
Атырау облысы – өсім 96,6%
Алматы қаласы – өсім 74,7%
Павлодар облысы – өсім 62%

Бұл көрсеткіштер туризм саласының қарқынды дамып келе жатқанын және сектордың инвестициялық тартымдылығы артып отырғанын көрсетеді. ҚР Туризм және спорт министрлігі өңірлердегі инвестициялық бастамаларды қолдау мен туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмысты жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу