Туризм саласында кадрлық мәселелерді шешу үшін қосымша шаралар қабылдау керек – Үкімет басшысы

281

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Туризм саласында кадрлық мәселелерді шешу үшін қосымша шаралар қабылдау керек – Үкімет басшысы Фото: primeminister.kz

Туризм және спорт министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге бір ай мерзімде нақты іс-шаралар жоспарын енгізе отырып, 2029 жылға дейінгі туризмді дамыту тұжырымдамасын толықтырып, түзетуі қажет. 

"Президент атап өткендей, туризм саласы экономиканың бірнеше секторын қамтиды, сондықтан барлық тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің  жұмысын үйлестіру қажет. Бұл ретте, әр өңірде туризмді дамыту бағдарламалары бар. Туризм және спорт министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге бір ай мерзімде нақты іс-шаралар жоспарын енгізе отырып, 2029 жылға дейінгі туризмді дамыту тұжырымдамасын толықтырып, түзетуі қажет", – деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, туризм саласында кадрлық мәселелерді шешу үшін қосымша шаралар қабылдансын, деп атап өтті Үкімет басшысы. Премьер-министр сирек жер металдары бойынша Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекске өзгерістер енгізілгенін, сондай-ақ жер қойнауын геологиялық зерттеуге қомақты қаражат бөлініп жатқанын баса айтты. 

"Осыған байланысты Өнеркәсіп министрлігі квазимемлекеттік сектормен бірлесіп, белгіленген жоспарларды, оның ішінде шетелдік серіктестермен қол жеткізілген келісімдерді тез арада іске асыру жұмыстарын бастауға тиіс", – деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу