Туризм және спорт министрі Серік Сәпиевпен болған дау туралы пікір білдірді

377

Қарағанды облысының әкімдігіндегі болған жағдайға байланысты тексерулер басталды. 

Туризм және спорт министрі Серік Сәпиевпен болған дау туралы пікір білдірді Фото: Үкімет

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Серік Сәпиевпен болған дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Спорт саласында тағайындалып жатқан мамандар – мемлекеттік қызмет баспалдағынан өткен азаматтар. Ол критерийлерді өтпесе, спортшы болсын, үлкен жеңімпаз болсын, ол ешқандай қызметке тағайындала алмайды. Сондықтан арнайы қызметтік баспалдақтан өткен мамандар ғана тағайындала алады", – деді министр Үкіметте өткен баспасөз брифингінде.

Тілшілер жақында ғана дау болған Серік Сәпиев пен орынбасары мемлекеттік қызметтік қандай сатысынан өткенін нақтылады.

"Қарағанды әкімдігінде болған жағдайға келсек, Серік Сәпиев мырза депутат болған, министрліктің Дене шынықтыру және спорт комитетінің үш жылдай төрағасы болған. Ұлттық Олимпиада комитетінде қызмет атқарған азамат. Елімізде 16 Олимпиада жеңімпазы болса, соның біреуі және өз туған өлкесіне барған болатын. Сол аймақта өзінің тәжірибесімен, өткен жолымен бөлісуге жіберілген болатын. Оның орынбасары туралы айтсақ, ол да арнайы критерийлер арқылы өткен. Спортта да мансабы бар. Мемлекеттік қызметте арнайы мансап баспалдағынан өткен. Басқарма басшысы да, оның орынбасары да жергілікті әкімдікпен тағайындалады. Бірақ негізі басқарма басшыларын бүгінгі күні арнайы комиссия арқылы қарастырып, біз өңірлерге жіберудеміз", – деді Ербол Мырзабосынов.

Министрдің сөзінше, Қарағанды әкімдігіндегі болған жағдайға байланысты тексерулер басталды.

"Мемлекеттік істер қызметі де өз бағасын береді. Қазір осы уәкілетті органдардың жауабын күтіп отырмыз", – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу