Туризм және спорт министрінің атынан жалған мәлімдеме тарады

329

​Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың атынан әлеуметтік желілерде жалған мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Туризм және спорт министрінің атынан жалған мәлімдеме тарады Фото: JAQ

Жазба бірнеше тілде таралып, 12 мыңнан астам қаралым жинаған. 

Орталықтың мәліметінше, министрге тиесілі емес мәлімдемелер шетелдік әлеуметтік желілерде, атап айтқанда X және Bluesky платформаларында жарияланған. Жазбалар орыс, чех және ағылшын тілдерінде тараған. Оларды таратқан аккаунттардың арасында Шығыс және Орталық Еуропа елдеріндегі пайдаланушылар да бар.

X желісіндегі алғашқы жарияланым бірнеше сағаттың ішінде 12 мыңнан астам қаралым жинап, 200-ден аса рет бөлісілген. Мамандардың пікірінше, бірдей мазмұндағы ақпараттың бірнеше тілде қатар таралуы оның алдын ала ұйымдастырылған болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Ал Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы директоры шетелдік ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерді жоққа шығарды. Онда Қазақстан хоккей федерациясы ресейлік хоккейшілерге бойкот жариялауды қолдағаны айтылған.

Федерация өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Халықаралық хоккей федерациясының толыққанды мүшесі ретінде өз жұмысын ұйымның жарғысы мен регламентіне сай жүргізеді.

Сондай-ақ ұлттық құрамалардың халықаралық жарыстарға қатысуына қатысты шешімдер Халықаралық хоккей федерациясының құзыретіне жататыны атап өтілді. Федерация халықаралық ынтымақтастықты, адал бәсекелестік пен барлық командаға тең мүмкіндік беру қағидаттарын қолдайтынын жеткізді.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілердегі күмәнді жарияланымдарға сенбей, мәліметтерді ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу