Туризмді дамытуға 1 трлн теңге бөлінбек

812

Нәтижесінде 22 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Туризмді дамытуға 1 трлн теңге бөлінбек Фото: inbusiness.kz

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова саяхат саласына инвестиция тарту мәселесін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомство басшысының айтуынша, аталған бағытта 30 туристік жоба іске асыру жоспарланған. Оның ішінде Ақтау курорттық аймағында парк, гольф алаңы, сауда орталығы, қонақ үйлер салу мен Маңғыстау облысындағы көпфункционалды емдеу-сауықтыру кешенінің құрылысы бар. Бұған қоса Алматының туристік әлеуетін дамыту үшін бірқатар қонақ үй салынбақ.

"Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 1 трлн теңгеден астам жеке және мемлекеттік инвестициялар тарту қажет. Соның нәтижесінде 22 мың жаңа жұмыс орны құрылады",  деді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу