Түркі елдерінің СІМ басшылары АҚШ-та бас қосып, Қазақстанға көңіл айтты

207

​Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Түркі елдерінің СІМ басшылары АҚШ-та бас қосып, Қазақстанға көңіл айтты Фото: Сыртқы істер министрлігі

Жиын барысында ТМҰ-ға мүше елдер Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

Мұхтар Тілеуберді қазіргі геосаяси ахуал күрделене түскен кезеңде түркі мемлекеттерінің өзара қолдауы мен бірлескен іс-қимылының маңызы артып отырғанын атап өтті.

Кездесуде Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды.

Тараптар ұйым аясындағы практикалық ынтымақтастықты күшейтуге және түркі елдерінің ортақ мүддесіне сай бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу