Түркі мемлекеттері ұйымы туын ғарышқа жібермек

196

Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) өз туын ғарышқа аттандыруды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркі мемлекеттері ұйымы туын ғарышқа жібермек Фото: caliber.az

Бұл туралы ұйымның Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев Бішкекте өткен ТМҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының төртінші кездесуі қорытындысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, ТМҰ – түркі әлемінің мыңжылдық тарихы, мәдениеті мен мұрасына негізделген бірегей ұйым.

– Ұйым аясында сыртқы саясат, сауда, экономика, ауыл шаруашылығы, туризм және тіпті ғарышты қамтитын 40-тан астам платформа құрылды. Жақын арада біз ТМҰ туын түркі әлемінің бірлігінің символы ретінде ғарышқа жібереміз, – деді Кубанычбек Омуралиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу