Түркі мемлекеттері ұйымының инвестициялық қоры құрылады

469

Түркі мемлекеттері ұйымының Инвестициялық қоры құрылады. Бұл туралы Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары, Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Джамшид Ходжаев экономика және сауда министрлерімен кездесуден кейін мәлімдеді, де хабарлайды inbusiness.kz yuz.uz-ға сілтеме жасап.  

Түркі мемлекеттері ұйымының инвестициялық қоры құрылады Фото: yuz.uz

"Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің экономика және сауда министрлерінің 11-отырысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Түркі мемлекеттері ұйымының инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қою туралы келісімге келдік. Инвестициялық қордың құрылуы біздің көпжақты қарым-қатынастарымыздың дамуында жаңа негіз болатыны сөзсіз", - деді Ходжаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу