Түркі мемлекеттерінің инвестициялық қоры құрылады

625

Саммитке дайындық барысы талқыланды.

Түркі мемлекеттерінің инвестициялық қоры құрылады Фото: Organization of Turkic States

Түркі мемлекеттері ұйымының (TМҰ) бас хатшысы Бағдад Әмреев Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Джамшид Ходжаевпен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Осы жылдың қараша айында Самарқандта өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының бірінші саммиті, ТМҰ Экономика және сауда министрлерінің 11-отырысы мен кеңес аясындағы ірі іс-шараларға дайындық мәселелері қаралды.

Ұйым аясында сауда, инвестициялық және қаржы салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары қарастырылды. Бiрлескен инвестициялық қор құру туралы келiсiмге қол қою процесiн жеделдетуге өзара мүдделі екенін жеткізді.

"Түрік мемлекеттерінің сауда ынтымақтастығы ғылыми-зерттеу орталығы" және "Инженерлік және технологиялар орталығын" құру бастамаларын іске асырудың нақты шаралары белгіленді, – делінген хабарламада.

ТМҰ елдері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі нығайту үшін бұл бастамаларды іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу