Түркіменстан Парламенті қайтадан бір палаталы болды, енді елде "ұлт көшбасшысы" бар

475

Түркіменстан билігі екі палаталы заң шығарушы органды бір палаталы етіп, ел парламентін қайта құрды. 

Түркіменстан Парламенті қайтадан бір палаталы болды, енді елде "ұлт көшбасшысы" бар Фото: arzuw.news

Бұл туралы inbusiness.kz "Ферғана" АА сілтеме жасап хабарлайды.

Тиісті мәлімдеме өткен сенбіде Милли Генгеш (парламент) пен ел жұртшылығы өкілдерінің бірлескен отырысында жасалды.

Бұған дейін парламент Мәжіліс (төменгі палата) және Халк Маслахаты (Халық Кеңесі, Жоғарғы палата) болып бөлінді. Енді Халк Маслахаты бөлініп, халықтық биліктің ең жоғары өкілді органы деп танылды. Түркіменстанның бұрынғы президенті әрі қазіргі Мемлекет басшысының әкесі Құрбанқұлы Бердімұхамедов оның төрағасы болып қайта сайланды.

Отырыста сондай-ақ президент Сердар Бердімұхамедов қол қойған "Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы туралы" Конституциялық заң жобасы ұсынылды.

Заңға сәйкес, Құрбанқұлы Бердімұхамедов "Түркіменстанның батыры", "Түркіменстанның құрметті ақсақалы", "Аркадаг" (халықтың қамқоршысы) атақтарынан басқа, ресми түрде "Ұлт көшбасшысы" мәртебесіне ие болды.

Бір палаталы Парламентті қайтаруды ұлттың жаңа көшбасшысы 11 қаңтарда ұсынды. Түркіменстандағы парламенттік сайлау 2023 жылдың 26 наурызына жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу