Түркістан әуежайына арнап мұнай базасын салатын компания анықталды

98

Инвестиция көлемі – шамамен 7 млрд теңге.  

Түркістан әуежайына арнап мұнай базасын салатын компания анықталды Фото: kmg.kz

"ҚазМұнайГаз-Аэро" жеке серіктестігі Түркістан облысында мұнай өнімдерін сақтауға арналған заманауи базаны салатын болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа нысан өңірдің отын инфрақұрылымының негізгі құрылымы болмақ. Мұнай базасы көлемі 19 мың текше метр болатын резервуарлар паркін қамтиды. Оның 12 мың текше метрі авиациялық отынды (ТС-1, РТ, Jet A-1), сондай-ақ жанармай мен дизель отынын сақтауға арналған.

Сондай-ақ, жобаға диспетчерлік орталық, зертхана, құбырлар мен сүзгі жүйесі, теміржол құю-түсіру эстакадасы және автокөлік эстакадасы кіреді. Мұнай базасы әуежайды авиаотынмен тұрақты қамтамасыз етуге, өңірдің энергетикалық тұрақтылығын арттыруға және авиациялық әрі логистикалық инфрақұрылымның дамуын күшейтуге мүмкіндік береді.

Жоба жолаушылар және жүк тасымалы ағынының артуына қосымша серпін беріп, Түркістан облысының маңызды көлік торабы ретіндегі позициясын нығайтпақ.

Сонымен қатар, 50-ге жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.

Жобаны іске асыру Мемлекет басшысының инфрақұрылымды жаңғырту, көлік логистикасын дамыту және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу