Түркістан қаласында 130 мың түп көшет егілді

750

Облыстың экологиялық ахуалын тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру мақсатында "Жасыл белдеу" жобасы жасалды.

Түркістан қаласында 130 мың түп көшет егілді

Жалпы биыл Түркістан қаласының аумағына 180 мың түп көшет егу жоспарланған. Қазіргі уақытқа дейін оның 130 мыңы егілді. Сонымен қатар, жоспарға сәйкес, 2020 жылы қала ішіне 250  мың түп ағаш отырғызылады. Бұдан бөлек қала сыртын көгалдандыру мақсатында "Жасыл белдеу" жобасы іске қосылды.

"Шаһар сыртынан құрылатын "Жасыл белдеудің" 7700 гектар аумақғына 2019 – 2022 жылдары 3,5 млн түп ағаш егілмек. Оның ішінде 2019 жылы 2300 гектарға 628 мың, 2020 жылы 2400 гектарға 1 млн, 2021-2022 жылдары 3000 гектарға 1,9 млн түп әртүрлі көшет егу жоспарланып, бұл игі іс облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жүктелген",– деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, жыл басынан бері аталған аумақтың 572 гектарына 160 мың көшет егілді. Бүгінде қалған 1428 гектар аумаққа 468 мың түп қарағай, қарағаш, калифорния терегі, жиде, өрік, алма, алша, сынды ағаштар егу жұмыстары жүргізілуде.

"Облыс орталығын көркейту жұмыстары ары қарай да жалғасын таппақ",– делінген облыс  әкімінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу