Түркістан қаласында жаңа әуежай салынады

1097

 Түркістан қаласында жаңа әуежай салынады

Қазақстан Республикасының премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің 2018 жылғы 27 маусымда Түркістан облысына жасаған сапары барысында Түркістан қаласының облыс орталығы болуына байланысты шаһардың көлік инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға ерекше назар аударылды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 

Осыған сәйкес, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы бойынша ҚР инвестициялар және даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің, Қазаэронавигация мамандары мен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, сондай-ақ, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Түркістан қаласы әкімдігінің және авиация саласы өкілдерінің қатысуымен басқосу өтті. Кездесуде Түркістан қаласында алдағы уақытта әуежай салуға болатын аймақтардың авиациялық қауіпсіздік пен аэронавигация талаптарына сәйкестігі нақтыланды. Бұдан бөлек, атқарылатын іс-шараларды жоспарлау үшін зерттеу жұмыстарына қатысушылардың барлық ұсыныстары талқыланды. 

Айта кетерлігі, Түркістан қаласында жаңа әуежай салу мақсатында қажетті жер телімдеріне зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қаланың бұрынғы әуежайының жай-күйі қаралып, бірнеше нұсқалар талқылануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу