Түркістан қаласында жаңа автовокзалдың іргетасы қаланды

2594

Жаңа автовокзал 3 гектар аумақта орналасатын болады. 

Түркістан қаласында жаңа автовокзалдың іргетасы қаланды

Бүгін Түркістан қаласында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен заманауи жаңа авовокзал құрылысының іргетасын қалау рәсімі өтті. Жаңа автовокзал 3 гектар аумақта орналасатын болады. Алдағы уақытта тәулігіне 10 мың жолаушыға, яғни 600 автобусқа қызмет көрсетпек. Салтанатты шараға қатысқан облыс басшысы өңір тұрғындарын айтулы жаңалықпен құттықтады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
 
"Бүгін Түркістан қаласында тағы бір жағымды оқиғаның куәсі болып отырмыз. Ел тілегі ескеріліп, киелі шаһарымызда тағы бір автовокзалдың іргетасы қаланғалы тұр. Қала орталығындағы көлік және жолаушылар жүктемесін азайтып, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Шымкент бағытынан заманауи жаңа автовокзал салғалы отырмыз. Нысанның ғимараты  2880 шаршы метрді  құрайтын болады. Онда күту залы, билет кассалары, жүргізушілерді медициналық куәландыру пункті, диспетчерлік пункт, ана мен бала бөлмесі қарастырылған. Жобаға сәйкес, автотұрақ, перрон, автобустарды техникалық байқау және қадағалау жайлары орналасады. Автобекет құрылысы аяқталғаннан кейін шамамен 50-ге жуық адам жаңа жұмыспен қамтылатын болады. Ендеше құрылыстың сәтті аяқталуын тілеймін", - деді Жансейіт Қансейітұлы.
 
Жобаның жалпы құны - 1 млрд 875 млн теңге. Автотұрақ пен бекет алдындағы алаңның аумағы – 3400 шаршы метр, отырғызу перроны – 3600 шаршы метр, жолаушыларды түсіру перроны – 1100 шаршы метр, ал көгалдандыру аймағы – 6000 шаршы метрді құрайды. Жаңа автобекеттің құрылысын 2019 жылдың желтоқсанына дейін толық аяқтау жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу