Түркістан мен Ташкент арасында темір жол салынады

1636

"Түркістан-Ташкент" жоғары жылдамдықты темір жол құрылысы туралы меморандумға қол қойылды.

Түркістан мен Ташкент арасында темір жол салынады

Түркістан мен Ташкент облысының әкімдігі меморандумға қол қойды, оның аясында жалпы туристік маршруттар дамитын болады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 18-ші отырысында, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Өзбекстан премьер-министрі А.Ариповпен, Өзбекстанның су ресурстары жөніндегі министрі Ш.Хамряевпен және "Узбекистан Темір жолдары" АҚ басқарма төрағасы Х.Хасиловпен кездесті.

"Узбекистон темір жолы" АҚ басқарма төрағасымен кездесу барысында "Түркістан-Ташкент" жоғары жылдамдықты темір жол құрылысы туралы меморандумға қол қойылды.

Сонымен бірге, Достық су арнасы арқылы жеткізілетін су көлемінің артуын талқылау барысында Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан арасындағы үкіметаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу