Түркістан облысы 250 мың тонна қырыққабатты сата алмай отыр

1197

Өмірзақ Шөкеев үкіметтен көмек сұрады. 

Түркістан облысы 250 мың тонна қырыққабатты сата алмай отыр

Биыл облыста 300 мың тонна қырыққабат өндірілген. Оның 250 мың тоннасы күні бүгінге дейін сатылмаған. 

"Ресейдің сұранысы бірден төмендеп кетті. Еліміздің басқа облыстарымен 
келісімге қол қойсақ та, олар біздің өнімді алмай жатыр. Қырыққабатты өткізу үшін үкіметтен көмек сұраймыз", – деді үкімет отырысына онлайн режимде қатысқан Түркістан облысының әкімі.

Оның сөзінше, қырыққабаттың 1 келісі 10-15 теңгеге дейін арзандаған. 

"Фермерлер шу шығарып жатыр. Министрліктермен бірге мүмкіндіктерді қарастырған жөн секілді. Бәлкім, облыстармен, Ресейдегі логистикалық компаниялармен бірге осы жұмысқа кіріскен абзал болар. Бізде қазір 250 мың тонна қырыққабат дайын тұр. Оны сатпасақ үлкен проблемаға айналады", – деді Өмірзақ Шөкеев. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу