Түркістан облысы қаржыландырылған жобалар бойынша көшбасында тұр

463

Бұл туралы кәсіпкерлік жөніндегі аймақтық жобалық кеңес отырысында айтылды, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Түркістан облысы қаржыландырылған жобалар бойынша көшбасында тұр

Жиын барысында Екінші деңгейлі банктер мен  "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры"  АҚ өңірлік филиалдарының басшыларымен "қарапайым заттар экономикасы" және "Бизнестің жол картасы 2025" жеңілдетілген несие беру мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Айта кету керек, бүгінде Жобалық кеңсенің үйлесімді жұмысы нәтижесінде 24,4 млрд теңгеге 264 жоба түрлі қаржы институттары тарапынан несиелендірілген. Жалпы кеңсе тарапынан әзірленген пул құрамында 51,4 млрд теңгені құрайтын 478 жоба бар.

Жиын барысында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өңірлік филиалдары мен екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсету аясында белсенділіктері төмен екенін атап өтті. Қаржы институттарының басшыларына кәсіпкерлік субъектілерін уақтылы қаржыландыру бойынша жұмысты күшейту және жандандыру тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу