Түркістан облысы тұрғындарының 11%-ының кірісі күнкөріс деңгейінен төмен

1193

Ең жоғары айлық Алматы қаласында тіркелген. 

Түркістан облысы тұрғындарының 11%-ының кірісі күнкөріс деңгейінен төмен

Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында халықтың кірісі 9,6%-ға артып, 175,9 мың теңгені жетті, деп хабарлады Finprom.kz. 

Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 5,4%-ды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде халықтың кірісі 9,7% -ға өсіп, 160,4 мың теңге болған. 

Өңірлер бойынша алсақ 238,8 мың теңге ең жоғары табысты Алматы қаласының тұрғындары алады. Бұл жалпы республикалық көрсеткіштен 35,8%-ға жоғары. 

Табыс деңгейі бойынша екінші орында Нұр-Сұлтан тұр (230,5 мың теңге). Кірісі жоғары өңірлер үштігін Қарағанды облысы қорытындылайды (209,2 мың теңге). 

Жалпы Қазақстанның 17 өңірінің тек 9-ының табысы орта республикалық деңгейден жоғары. 

Ең төмен жалақы Түркістан облысында тіркелген (105,3 мың теңге). Аталған өңір тұрғындарының 11%-ы күнкөріс деңгейінен төмен айлық алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу