Түркістан облысына жаңа прокурор тағайындалды

292

Бауыржан Мырзакеров әр жылдары өз саласында жауапты міндеттерді атқарған.  

Түркістан облысына жаңа прокурор тағайындалды Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров Түркістан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бауыржан Мырзакеров еңбек жолын Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі болып бастады.

Әр жылдары Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Қызмет бастығының орынбасары, Қызмет бастығы, Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болып қызмет істеген.

2022 жылғы мамырдан Қарағанды облысының прокуроры болды.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін I және II дәрежелі "Даңқ" ордендерімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу