Түркістанда жоқ техниканы "жеткізіп", 1,1 млрд теңге алған күдікті ұсталды

1413

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті.

Түркістанда жоқ техниканы "жеткізіп", 1,1 млрд теңге алған күдікті ұсталды Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға бөлінген 1,1 млрд теңге субсидияны жымқыру дерегі тергеліп жатыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті 37 жаңбырлатып суару машинасын жеткізбестен, бюджет қаражатын жалған құжаттар арқылы иемденген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Агенттіктің дерегінше, күдікті субсидияларды жымқыру схемасын ұйымдастырып, техника жеткізуші, лизинг беруші және мемлекеттік қолдау алушы ретінде әрекет еткен коммерциялық ұйымдарды өз бақылауына алған.

Атап айтқанда, "Агрохолдинг Туркестан" және "JMJ-Агро" ЖШС арқылы 81 жаңбырлатып суару машинасын сатып алуға субсидия алу үшін өтінімдер рәсімделген.

Лизинг беруші ретінде күдіктінің бақылауындағы "АгроПромЛизинг" микроқаржы ұйымы әрекет еткен. Бюджет қаражаты осы ұйымның арнайы шотына аударылған.

– Алайда 37 жаңбырлатып суару машинасы іс жүзінде жеткізілмеген және орнатылмаған. Соған қарамастан, міндеттемелердің толық орындалғаны туралы жалған мәліметтер көрсетілген қабылдау-тапсыру актілері рәсімделген, – деп хабарлады агенттіктен.

Кейін бюджет қаражаты күдіктінің бақылауындағы ұйымдардың шоттарына аударылған.

Нәтижесінде мемлекетке 1,1 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.

Күдікті қамауға алынды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу