Түркістан облысында 1 келіден астам есірткіні үйінде сақтаған ер азамат ұсталды

353

Бұрын сотты болған Арыс қаласының тұрғыны ұсталды.  

Түркістан облысында 1 келіден астам есірткіні үйінде сақтаған ер азамат ұсталды Фото: Егемен Қазақстан

Күдіктінің үйін тінту кезінде өсімдік тектес есірткі затына ұқсас 20 полиэтилен пакет орамасы тәркіленді. Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жолдады. 

 Қорытындыға сәйкес, әрбір орамадағы есірткінің шамамен 60-70 грамды құраған кептірілген марихуана екені анықталды. Олардың жалпы салмағы 1 келіден асатын марихуана есірткісі болып шықты.      

ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу