Түркістан облысында 1 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

963

Түркістан облысында 1 004 321 адам екпе қабылдады. Екінші компонентін 948 789 адам алды. Кейінгі тәулікте 887 адам екпе салдыруға ниет білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында 1 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

Соңғы тәулікте Түркістан облысында 14 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,09%-ды құрайды.

Облыста пандемия басталғалы 1 120 636 мыңға жуық ПТР-сынамалары алынған.

Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 582-і бос.

Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу