Түркістан облысында 11 несие алушыны алдаған банк қызметкеріне үкім шықты

695

Түркістан облысында 11 несие алушыны алдаған банк қызметкері үш жыл үш айға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында 11 несие алушыны алдаған банк қызметкеріне үкім шықты

Түлкібас аудандық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандарын жеткізген. Олар өзінің арызында банктен несие алып, сол несиелерін бірнеше жылдан кейін өтеп болған сәтте қайтадан қарыз болып шыққанын айтқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері бірден ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғынын және бұрынғы банк қызметкерін ұстайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Түлкібас АПБ-нің тергеушісі күдіктінің 2018-2019 жылдар аралығында аудандағы белгілі бір банктың филиалында менеджер болып қызмет атқарып, несие алуға келген тұрғындарға несие рәсімдеу кезінде алаяқтық жасағанын анықтады. Яғни күдікті жігіт заң аясында несие алу үшін түзілетін бір келісімшарттың орнына екеуін қолдан жасап, бірінде тұрғынға арналған соманы, ал екіншісінде тұрғынның алатын несиесінің үстінен өзіне керекті қаржыны қосып көрсетіп, өзінің айласын іске асырған. Бұл жайтты тұрғындар несиелерін төлеп біткен сәтте білген. Себебі қарыздан құтылдық деп есептеген оларға, банктен қайтадан несие әлі жабылмады, қарызыңыз бар деген хабарлама келген.

Алаяқтық жасаған банк қызметкерінің жалпы 11 тұрғынды осылай алдағаны расталды, шығын көлемі 8 миллион теңге жуық.

Сот үкімімен күдікті үш жыл үш айға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу