Түркістан облысында 11 полигонның қызметі тоқтатылды

144

Полигондардың жұмысын бақыламаған шенеуніктер жазаланып, 9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.  

Түркістан облысында 11 полигонның қызметі тоқтатылды Фото: ernur.kz

Түркістан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы облыстағы  тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтайтын полигондарды тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полигондардың 70 пайызы санитариялық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Мәселен, облыс аумағындағы 135 полигон инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген (жарық, қоршау, арнайы құрылғылармен қаржыландыруға байланысты жабдықталмаған), 81-і санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз (жан-жақты қарау және тиісті әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша материалдар сотқа жолданған), 11-і экологиялық рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген. 

Бұл ретте, орын алған заң бұзушылықтар бойынша прокуратура тарапынан қадағалау актісі енгізіліп (Түркістан облысы бойынша Экология департаменті мен санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментіне), тиісті басшыларына  9 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу