Түркістан облысында 2 адам мінген көлік суға түсіп кетті

101

Зардап шеккендер жоқ.

Түркістан облысында 2 адам мінген көлік суға түсіп кетті Фото: ТЖМ

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарашық ауылындағы Қарашық каналына белгісіз жағдайда екі адам мінген жеңіл көлік суға түсіп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді және жедел әрекетінің арқасында құтқару арқанының көмегімен адамдар қауіпсіз жерге шығарылды.

Сонымен қатар, арнайы авариялық-құтқару көлігінің көмегімен автокөлік те судан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу